Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Әзірбайжан басшысы Илхам Әлиевпен кездесті
Әзірбайжан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу үшін Ақордаға арнайы ресми іс-сапармен келді.
Соңғы рет Әзірбайжан президенті Илхам Әлиев Қазақстанға ірі халықаралық іс-шараларға – қазан айында Астанада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне және ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген болатын.
Президент Тоқаев елордадағы Гейдар Әлиев көшесінің жаңа орнын бекіткенін хабарлады. Бұған дейін Каспий теңізінің жағасында орналасқан Әзірбайжанның Сумгаит қаласында орталық көшелердің біріне қазақ ағартушысы, түркітанушы Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілген болатын.
Астанада екі мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланған. Келіссөздердің күн тәртібінде Қазақстан -Әзербайжан стратегиялық әріптестігін дамытудың негізгі мәселелері тақырыптары көтеріледі.