Халық банкі ICFM ұсынған «2022 жылдың үздік жұмыс берушісі» сыйлығын алды
ICFM институттында «Халық банкі» қызметкерлерінің кәсіби дамуы мен жоғары біліктілігін қолдайтын ең жауапты жұмыс беруші екенін атап өтті.
Банк шынымен де қызметкерлерді сертификаттауға, біліктілігін арттыруға, дамытуға және өсуіне үлкен көңіл бөледі. Қызметкерлер үшін тұрақты түрде тренингтер, шеберлік сабақтары мен семинарлар өткізіліп тұрады, деп атап өтті баспасөз қызметі. Былтыр 18 банк қызметкері қаржы менеджерлері институтының дипломдарын (DipPIA немесе DipCPIA) алды. Қазақстандағы бір жұмыс берушінің қызметкерлерінің ең көп саны осындай дипломдарға ие болуына байланысты Қазақстандағы ICFM өкілдігі банкті осы марапатқа ұсынды. Марапатты британдық корольдік отбасының өкілі ханзада Майкл Кент Халықаралық бизнес пен дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен тапсырды. Беделді мүсін мен диплом банкке ICFM қазақстандық өкілдігі арқылы берілді.