«Қолдау» платформасынан қалған 5 млрд теңгеден астам субсидия фермерлерге төленбеген
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша «Қолдау» платформасынан қалған 5 млрд теңгеден астам инфестициялық субсидия шаруаларға төленбеген. Бұл туралы брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры Бернат Алпамысов мәлімдеді.
Оның айтуынша, субсидиялардың төленбеу себебі – мемлекеттік қаржыландырудың жетіспеушілігінен болды.
«Біз бұл деректердің барлығын алдық. Мәселен, кейбір әкімдіктердің өңдеуге субсидия бойынша берешегі жетінші айдан басталған. «Қолдау» платформасынан тарихи деректерді кеш алғанымызға қайта оралсақ, әкімдіктер платформаға түскен өтініштерді кеш қарай бастады, өйткені деректер дер кезінде келмей қалды», - деп Бернат Алпысбеков түсіндірді.
Соның нәтижесінде өңірдегі төленбеген инфестициялық субсидия көлемі 25 млрд теңгеден асты.
«Барлық ауыл шаруашылығы басқармаларының субсидия бойынша қарызы 25 млрд теңгеден асты. Қазір оның 18 млрд теңгесі төленді. Енді 5-7 млрд теңге көлемінде субсидия төленуі тиіс», - деп Бернат Алпысбеков өз сөзінде айтты.
Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев жаңа бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйе жұмысындағы сынға жауап берді.