Онлайн нотариус қызметі іске қосылды

  Енді eGov мобильді қосымшасында нотариалдық қызметтер алуға болады.  «Цифрлық нотариат» мемлекеттік қызметі жайлы ҚР Цифрлық даму министрлігі хабарлады.

  Жобаны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қатысуымен әзірледі.

egov

  Сенімхатты рәсімдеу үшін:

  • «қызметтер» бөлімінде  «Еnotary» қызметін таңдаңыз;
  • деректерді толтырып, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз;
  • қызметке қысқа код немесе биометрия арқылы қол қойыңыз;
  • нотариуспен бейне қоңырауға рұқсат беру керек;
  • «бейне қоңырауға өту» түймесін басып, нотариустан жауап күтіңіз;
  • бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін қолданушы «нотариаттық әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады.

  EGov Mobile мобильді қосымшасының «сандық құжаттар»  бөліміндегі QR кодын сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге болады.

  Қалыптасқан сенімхат «цифрлық құжаттар»  сервисінде қолжетімді болады және оны талап ету орны бойынша ұсынуға болады. Бұл сенімхат «Цифрлық құжаттар»  сервисінде қолжетімді және оны сұраныс орнында ұсынуға болады. Алдағы уақытта екінші деңгейлі банктердің өтініштеріне онлайн сенімхат беру мүмкіндігін енгізу жоспарланып жатыр.