Мемлекеттік грантты бөлуде талапкерлердің ҰБТ нәтижесі, әлеуметтік мәртебесі және жетістігі ескерілетін болады

  Енді бітіруші түлектердің білім гранттары сараланған жүйе бойынша берілуі ықтимал. «Ашық» НҚА порталында жарияланған Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығында осылай мәлім болды.

 сур3

  Министрлік гранттарды арнайы сараланған тәртіп бойынша  беру жобасын әзірледі. Осыған орай, жалпы білім беру тапсырысындағы гранттар «Базалық», «Дарын» және «Қамқор» болып бөлінеді.

  Сараланған грант түрлері мынадай  ретте беріледі:

- базалық гранттардың жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 50%;

- «Дарын» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің 10%-інен аспауы керек;

- «Қамқор» гранттарының жалпы саны – мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінің кемінде 30%-тін құрайды.

  Осы орайда, министрлік енгізілгелі отырған сараланған білім беру грантына қатысты түсініктеме берген.

  Құжат сәуірдің 21-не  дейін көпшіліктің талқылауында болады.