Turkish Airlines жолаушыларға мессенджер қолдануға мүмкіндік берді
Turkish Airlines әуекомпаниясы жеке әлеуметтік желісінде халықаралық рейстермен ұшатын жолаушылар WhatsApp, iMessage және басқа да мессенджерлерді қолдана алатынын жазды. Бұл қызмет сәуір айында Miles&Smiles бонустық бағдарламасының мүшелері үшін қолжетімді болады, ал Classic Plus, Elite және Elite Plus деңгейіне жеткен жолаушылар кеңейтілген интернет-пакетін алады.
Бастапқыда мессенджерлер интернет Turk Telekom ұсынатын ұшақтарда, сосын әуекомпанияның барлық рейсінде қолжетімді болады.