Зақымдалған сүйекті тез қалпына келтіру әдісі табылды

  Питтсбург университетінің мамандары зақымдалған сүйектерді жылдам біріктірудің жаңа әдісін тапты. Енді сүйек тініне арналған имплантацияны пайдаланудың керегі болмайды.

 image l

  Ғалымдар қисық тістерді туралау, яғни түзету үшін ортодонтиялық сымға ұқсайтын құрылғыны пайдаланатынын білесіздер. Бас сүйегі сынған тышқандарға тәжірибе жүргізген зерттеушілер қаңқаның діңгекті жасушаларын белсендіре отырып, осы технологияны орнатып көрді. Нәтижесінде ересек тышқандардың бұл әдістен өздігінен бітпейтін бас сүйек жарақаты жазылған. Ғалымдар бас сүйегінің жарақатының қалай бітетінін қадағалау үшін, яғни бұл процесс барысында қандай тетік іске қосылатынын анықтау үшін бір жасушалы РНҚ-ны секвенирлеу технологиясы мен нақты уақыт аралығында қадағалауға мүмкіндік беретін микроскопияны қолданды. Кеміргіште ортодонтиялық сымға ұқсайтын құрылғыны кеңейтілген нұсқасын пайдаланғанда діңгекті жасушалар саны төрт есеге көбейетіндігі анықталған.