Жаңөзендегі газ жарылысынан зардап шеккендерге пәтер беріледі

  «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Жаңаөзендегі жарылыста баспанасынан айырылғандарға жаңа пәтерлер береді.

 image l

  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы ТЖ салдарынан қаза тапқандардың отбасына, туыстары мен жақындарына көңіл айтады және зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуін тілейді. Баспанасыз қалған отбасылар жаңа пәтер алады, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

  Еске сала кетсек, бүгін таңғы 5-те Жаңаөзенде тұрғын үйде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті. Оқиға орнын аршу жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 50-ден астам құтқарушы, 10 техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.