Президент Қазақстанның дамуы жөнінде кеңес өткізеді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен сәуірдің 19-ы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді.

Tokaevv

  Жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық маслихаттардың төрағалары қатысады.