Алматы қаласында әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект жүйесі енгізілді

  Алматыда әрбір алтыншы бағдаршамға жасанды интеллект енгізілді. Полиция мәліметінше, Алматы қаласында 580-ге жуық бағдаршам бар. Оның 98-і сынақ режимінде жасанды интеллект жүйесі көмегімен жұмыс істейді.

ekinshi makala  «Қазірдің өзінде пилоттық бірінші кезеңді жүзеге асырдық. Қалада 98 бағдаршам нысаны жабдықталған. Екінші кезеңге сәйкес, қалалық мобилділік бөлімі биыл жүзеге асыруға дайындық үстінде. Қаладағы барлық бағдаршам толығымен қамтылады. Қаржы бөлінгенде олар жұмысты жалғастырады», - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

  Сонымен қатар ол жасанды интеллект жүйесінің қиылыстарда қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

  «Ол қиылысқа жақындап келе жатқан көлік ағынын автоматты түрде бақылап және максимал өтуді қамтамасыз етеді», - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының өкілі.

  «Жыл соңына дейін біз бағдаршамда жасанды интелектті қолдану туралы толық мәліметті аламыз. Мұндай тәжірибе бұрыннан бар, тек Алматыда ғана емес, трафикке ең жоғары жүктеме кезінде бағдаршам бағыттарының ауысу жиілігі жасанды түрде өзгерген кезде де бар», - деді қала әкімі Ерболат Досаев осы жылдың сәуір айының басында.