Синоптиктер сәуірдің 18-20-сына ауа райы болжамын ұсынды
Казгидромет мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Сәуірдің 18-і шығыста қалың қар жауса, 18-19-ы оңтүстік-шығыста кей уақытта қар аралас жаңбыр жауады.
«18-20 сәуірде солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы 7-15 градус аязға дейін төмендейді. Батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде аяз болып, тәуліктік температура біртіндеп көтеріледі», - делінген хабарламада.
Барлық аймақта жел күшейіп, тұман күтілуде. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста көктайғақ болып, қар жауады.