Миллионға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған – Алтай Көлгінов
Қасым-Жомарт Кемелұлы қатысып жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған кеңесте Астана қаласының бұрынғы әкімі, қазіргі вице-премьер Алтай Көлгінов миллион қазақстандықтарды жұмыспен қамту жоспарлары туралы айтты.
«Жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелерін кешенді шешу үшін Үкімет халықтың табысы бағдарламасын республикалық және өңірлік деңгейлерге бөле отырып жаңартты. Әкімдіктер жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын қабылдады. Нәтижесінде жыл соңына дейін бір миллионға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдарға жұмысқа орналастыру карталарын сапалы енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторлармен тығыз жұмыс жасау тапсырылды», - деді вице-премьер Мемлекет басшысына.