Қазақстан 43 компаниямен релокация туралы келіссөздер жүргізуде

  Қазақстан Үкіметі 43 ірі халықаралық компаниямен релокация туралы келіссөздер жүргізуде, - деп хабарлады Премьер-Министр Әлихан Смайылов республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында.

 alihan smailovАталған компаниялардың арасында Phillips, Boeing, EPAM Systems, Skoda Transportation, GE Healthcare, Youngsan сияқты салалардағы алыптар бар.

  24 ірі компания өз қызметін Ресейден Қазақстанға көшірді. Олардың ішінде Honeywell, InDriver, Weir Minerals, Ural Motorcycles, Fortescue, TikTok, Koppert, Emerson.

  Басым инвестициялық жобалардың жалпы сомасы 28,1 трлн теңгеге 873 жоба бар.

  «Биыл өнеркәсіп саласында 1 триллион теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының есебінен 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда», - деп атап өтті Премьер-Министр.