Мемлекет басшысы ішкі қауіпсіздікке назар аударуға шақырды
Президент ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды.
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдері қажет. Сондықтан тиісті стратегияны өзектендіру керек. Жаңартуды елдің мүлдем басқа геосаяси жағдайларда қабылданған сыртқы саясатының тұжырымдамасы да талап етеді», - деді Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегі кеңесте.
«Бүгінде әлемде үлкен өзгерістер болды. Сондықтан ішкі қауіпсіздік, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия өңірінің халықаралық аренадағы беделін арттыру мәселелеріне ерекше назар аудару қажет», - деп тапсырды Президент.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 19-ы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтуде. Жиынға Премьер-Министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық маслихаттардың төрағалары қатысуда.