Бибісара Асаубаева ҚР шахматтан жалғыз еңбек сіңірген спорт шебері атанды

 «Мені құттықтай берсеңіздер болады. Сіздердің алдарыңызда Қазақстан Республикасының шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері тұр. Біздің елде жалғыз», - деді ол Instagram-да.

 2

  Естеріңізге сала кетейік, былтыр Польша астанасы Варшава қаласында өткен әлем чемпионатында 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева «блицте» бірінші орынды жеңіп алып, әлемдік шахмат тарихында әйелдер арасында ең жас шахматшы атағына ие болды.

  Сондай-ақ Бибісара Асаубаева шахматтың блиц және рапид түрінен өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. Чемпионат биыл желтоқсан айында өткен болатын.

  Асаубаева блицтен өткен соңғы матчта үндістандық Харика Доронваллиді ұтты. Ал қытайлық Тань Чжунъи Үндістанның тағы бір өкілі Хампи Конераға есе жіберді.

  «Былтыр алғаш рет әлем чемпионы атанғанымда өзіме сенімді болғанмын. Себебі айқын басымдықпен жеңіске жеткен едім. Бұл жолы жеңіс ауыр болды. Алайда өз елімдегі турнирді керемет аяқтағаныма қуаныштымын. Енді жаңа жылды жақсы көңіл-күймен қарсы алуға болады», - дейді Асаубаева.