Қарағандыда автобус кітапханасы іске қосылды
Қарағандыда ерекше жоба іске қосылды. Қалалық әкімдіктің қолдауымен жергілікті қоғамдық көлікте кітапхана жұмыс істей бастады. Қоғамдық көлік салондарындағы стикерлерде орналастырылған QR кодтар бойынша кітаптарды жүктеуге болады.
"Жол үстіндегі кітапхана" жобасы алты бағыттағы 22 автобуста жүзеге асырылуда. Кітапты таңдау үшін QR–код арқылы "қазақ классикасы", "орыс классикасы" немесе "шетел классикасы" бөлімдерінің біріне өту керек. Қазір кітапты жолда оқығанды ұнататындар үшін 41 кітап (қазақ классикасының 21 туындысы, 14 – шетелдік және 6 – орыс), оның ішінде Мұхтар Әуезов, Александр Пушкин, Артур Конан Дойлдың туындылары бар.
"Жобаға ауқымды және белсенді жолаушылар ағыны бар маршруттар тартылған. Екі күннен кейін QR-код бойынша кітаптарды оқу опциясы 13 бағыттағы 60 қалалық автобуста қолжетімді болады", - деп атап өтті Ekaraganda.kz.