Албаниядағы турнир жас қазақстандық спортшының қос жеңісімен аяқталды

  Албаниядағы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Tennis Europe турнирінде біздің спортшыларға тең келері болған жоқ.

2

  Жарыстың абсолютті чемпионы Кристина Кравченко болды. Финалда жекелей сында қазақстандық спортшы итальяндық Дилетта Д 'Амачионы 2:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Ал жұптық ойында Линара Булешевамен бірге ойнап, италиялық спортшылар Людовик Газалино мен Дилетта Д' Амачионы жеңді. Есеп 6:3, 3:6, 13:11 болды.

  Испанияның Палманова қаласында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде Амина Нұрахан финалист атанды. Трофей матчында қазақстандық спортшы жарыстың бірінші ракеткасы, Нидерландыдан келген Пиппа Феннистен 6:7, 5:7 есебімен ұтылды. Естеріңізге сала кетейік, Палмановада 12 жасқа дейінгі Еуропаның ең мықты жасөспірімдері ойнады.

22