Ердоған Қазақстандық құтқарушыларды құттықтады
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жойқын жер сілкінісі кезінде көмектескен 80 елдің ТЖМ өкілдерін марапаттады.
Салтанатты шараға ТЖ жөніндегі бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев қатысып, жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектескені үшін медальмен марапатталды.
«Марапат үшін алғысымды білдіремін. Бауырлас түрік халқына тағы да көңіл айтқым келеді. Барлық құтқарушыға және дипломатиялық корпусқа рақмет. Біз, Түркия халқы жақын арада табиғи апаттың салдарын жеңеді деп сенеміз», - деп атап өтті Ибрагим Күлшімбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 6-сы Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Түркияда 50 мыңнан астам адам жер сілкінісінің құрбаны болды. Сонымен қатар Сирия Иран елінде де жер сілкінісі орын алды.