Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады

  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дякты құттықтап, олардың мол тәжірибесі жаңа жауапты лауазымда нәтижелі жұмыс істеуге көмектесетініне сенім білдірді.

1

  Қасым-Жомарт Тоқаев  бірлік пен тұрақтылықты сақтау біздің қоғам өмірінің барлық саласында кешенді реформалар табысының басты шарты екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Ассамблея бұл міндетті жүзеге асыруда ерекше рөл атқарады.

  Мемлекет басшысы барлық этникалық топ өкілдерінің өзара түсіністігін нығайту және Қазақстан халқын одан әрі шоғырландыру үшін жаңа тәсілдер мен практикалық қадамдардың маңыздылығына назар аударды.

  Кездесу соңында Президент ҚХА жұмысының маңызды бағыттарын белгіледі. Ол сондай-ақ алдағы Ассамблея сессиясында идеологиялық және практикалық сипаттағы бірқатар маңызды мәселелер талқыланатынын хабарлады.