Еліміздің 100-ден астам оқушысы республикалық жарыста экологияны жақсартуға арналған жобаларды ұсынады

  5-8-сынып оқушыларына арналған "ProEco" республикалық экологиялық жобалар байқауы басталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 100-ден астам оқушы қатысады.

  «Байқауға қатысушылар төрт бағыт бойынша жобаларды ұсынады: «Туған өлкенің табиғаты», «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем», «Үздік экологиялық бастама», «Таза қала сізден басталады». Байқау ережесіне сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі жас тобы бойынша анықталады: 5-6 және 7-8 сыныптар», - деді «Дарын» РҒПО директоры Ғажымбек Тұрсынов.

  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және сертификаттармен марапатталады.

2