Дархан Қыдырәлі мен Тимур Бекмамбетов ТВ-контентінің сапасын арттыру мәселелерін талқылады

  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі белгілі режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетовпен кездесті.

 3

 Кездесу барысында отандық телеарналардағы мазмұнның сапасын арттыру, сериалдар мен кинофильмдер жасау, креативті индустрия, анимациялық жобалар құру және оларды әлемдік нарыққа шығару сияқты маңызды мәселелер талқыланды.

  Тимур Бекмамбетов сала мамандарын даярлау және жастарды тәжірибеге үйрету туралы айтып берді.