Пәкістанда «Қазақстан үйі» ашылды

  Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Кистафин Лахор қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар  барысында Пәкістандағы алғашқы «Қазақстан үйінің» салтанатты ашылу рәсімі өтті.

1

  Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Пенджаб провинциясының губернаторы Мухаммад Балиг-ур-Рехман және Лахор қаласының комиссары Мухаммад Али Рандхава қатысты.

  Іс-шараға өзге де шенеуніктер, провинцияның іскер топтарының өкілдері, оның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталары мен ірі кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ ғылым, мәдениет, өнер және білім қайраткерлері қатысты.

  Құрылымның негізгі мақсаты Пәкістан азаматтарына «бір терезе» қағидаты бойынша кең ауқымды қызметтер мен кеңес беру.

  Қазақстан үйінде  виза беру мәселелері бойынша қолдау көрсету, туризм, мәдениет, білім беру, сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бөлімдер ұсынылған.