Қазақстандағы «жайлы мектеп» қалай ерекшеленбек?

  «Жайлы мектептің»  құрылысы әдеттегі жалпы білім беретін мектептерге қарағанда 2 есе көп кабинеттер мен  4 есе көп спорт залдармен жабдықталатын болады. Бұл туралы ұлттық жоба операторы, Samruk-Kazyna Construction компаниясының басшысы Мәулен Айманбетов мәлімдеді.

2

  «Жалпы білім беретін мектептерде бір спортзал бар. Біз Оқу-ағарту министрлігінің  техникалық тапсырмасына сәйкес 300 орындық мектептерде бір спортзалдан, 600 орындық мектептерде – бір үлкен және кіші спортзалдан, 900 орындық мектептерде – бір үлкен және екі шағын спортзалдан жобалауды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті Басқарма Төрағасы.

  Айманбетовтың айтуынша, стандарттарға сәйкес келетін спорт нысандарын салу жоспарлануда: жүгіру жолдары, шаңғы трассалары, хоккей корттары және футбол алаңдары.

  «Жайлы мектептердің» ғимараттары кең және ыңғайлы болады. Мысалы, егер стандартты мектепте орта есеппен 64 кабинет көзделсе, онда жайлы мектепте – 102 кабинет жоспарлануда. Жаңа оқу орындарында робототехника, STEAM-зертханалар, нано - және биотехнология кабинеттері жабдықталады. Сондай-ақ, ғимараттың жобасында садақ ататын нысан да қарастырылған.