Елде жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта қаралады

  Жеңілдетілген автокөлікті несиелендіру бағдарламасы қайта қаралады. Мұндай жаңалықпен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бөлісті.

62821220c7b02819781170

  Министрдің айтуынша, бағдарламаға бірден төрт тармақ бойынша өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Алғашқы тармақтардың бірі - автокөлікке алғашқы жарна енгізу. Енді ол көлік сомасының 15 пайызын құрамақ.

  Екіншісі - қоғам мен БАҚ-тың талабы бойынша көлікті алғандардың аты-жөні жарияланады.

 Үшінші тармақ - бағдарламаға қатысу үшін қандай көліктерге рұқсат етілетіні бойынша өзгерістер енгізіледі. Қазір бағдарлама 10 миллион несие сомасына және 15 миллион көлік сомасына мүмкіндік береді. Ал төртінші тармақ бойынша, жалақының жоғары шегі белгіленеді. Бұл арқылы, автонесие бағдарламасы халыққа мейілінше қолжетімді болады деп отыр. 

  Бұл ретте Қарабаев автонесие бағдарламасын іске қосу үшін бір ай ішінде тағы бір миллиард теңге жинау қажет екенін атап өтті.