Эмомали Рахмон Қазақстанға келді
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Президенттің баспасөз қызметі мәліметінше, Эмомали Рахмонмен бірге Үкімет мүшелері қатарындағы ресми өкілдер, Мемлекеттік мекемелердің, ведомстволардың басшылары мен кәсіпкерлер бар.
Мамырдың 3-4-і елордада Қазақстан мен Тәжістанның бизнес-форумы өтеді. Оған екі елдің мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдері, сонымен қатар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, туризм, логистика, фармацевтика салаларындағы кәсіпкерлері қатысады.
Форумның басты мақсаты – кәсіпкерлер арасында іскер серіктестер іздеу, сондай-ақ Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту.