Қазақстанда мамырдың 4-6-сы ауа райы қандай болады?
Синоптиктердің айтуынша, мамырдың 4-6-сы солтүстік антициклон жотасы ықпалынан Қазақстанның басым бөлігіндегі жауын-шашынсыз ашық ауа райы қалыптасады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнгі уақытта 1-7 градус үсік күтіледі.
«Еліміздің батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі – батыста жаңбыр жауады, 4-5 мамырда кей уақытта найзағай, бұршақ жауады, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде құмды дауыл болады деп болжанады», - делінген хабарламада.