Әлем кубогы: Су добынан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны жеңді

  Су добынан ерлер арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Жаңа Зеландиямен кездесті. Әлем кубогында қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Иран және Жаңа Зеландия.

  Жаңа зеландиямен кездесуде қазақстандық су добының шеберлері жинақы қимыл көрсетуге тырысты. Ойын барысында екі құрама тартысты ойын өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы қарсыласынан 10:9 есебімен басым түсті. Енді ел құрамасы бүгін, 5 мамырда Румыниямен шеберлік байқасады. Румындықтар Иранды 15:4 есебімен женген. Ал 6 мамырда Иранмен шеберлік байқасады.

2