Химия пәнінен оқушылар арасында 57-халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды
1-6 мамыр аралығында Елордада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті. Оған Ресей, Австрия, Сауд Арабиясы, Армения, Израиль, Өзбекстан секілді 21 елдің өкілдері қатысты. Командалар құрамы Ұлттық химиялық олимпиадалардың қорытындысы бойынша анықталды. Еліміздің намысын 15 бала қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына екі күміс,10 қола медаль түсті.
Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім»номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен Астаналық Әлихан Смет марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орындарынан 17 грант бөлінді.
Естеріңізге сала кетейік, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.