Самокаттардың қозғалысын шектейтін түзетулер мақұлданды
Парламенттің төменгі палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мақұлдады.
«Соңғы жылдары көшелерде жаң көлік құралдарының пайда болғанын көріп жүрміз. Бұл электр самокаттар, гидроскутерлер, монодөңгелектер және т.б. Бізге азаматтардан жаңа көлік құралдарының жүрісін реттеу мәселелері бойынша өтініштер үнемі түсіп жатады. Бұл әсіресе мегаполистерге қатысты. Электр самокаттардың жолдармен және тротуарлармен жүруі жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге қауіп төндіруде. Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген», - деді Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева.
Қазақстанда электр самокаттарға қатысты техникалық регламент былтыр шілде айында қабылданды. Халық қалаулысы электр самокаттардың жүрісін реттейтін алғашқы түзетулер топтамасын ұсынды.
«Заң жобасына сәйкес, біріншіден электр самокаттар көлік құралы ретінде танылады. Екіншіден, жүру жылдамдығы сағатына 25 км-ге дейінгі көлік құралдары электр самокаттарға жатады. Үшінші – электр самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз жүре алады. Төртіншіден, тротуарларда сағатына 6 км-ден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Бұл ең қолайлы тәсіл», - деді ол өз сөзінде.
Депутаттығ айтуынша, тротуарлардағы жылдамдықты шектеу жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
«Бесіншіден, электр самокаттың жолдың жүру бөлігінің оң жақ шетімен, оның ішінде автобус жолағымен бір қатарда жүруіне жол беріледі. Алайда бұл үшін жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. сонымен қатар үстінде арнайы киім мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет. алтыншыдан, электр самокатта жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады. Жетіншіден, электр самокат жүргізушілері жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен жаяу өтуі керек», - деді Екатерина Смышляева.
Жалпы отырыста құжатты 95 депутаттың 91-і жақтаса, 4-і қалыс қалды.