Мамырдың 11-іне арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша:
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде найғазай ойнады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Астанада найғазай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз шығысында найғазай ойнайды. Облыстың кей өңірінде тұман күтіледі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысында да найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының тауларында найғазай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады.