Елде азық-түлік бағасы тағы қымбаттады
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,2%-ға, жылдық мәнде 10,6%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында жазылған.
Ұлттық бюро таратқан мәліметтерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіретіні айтылған. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 10 мамыр/:
Айран 2,5% – 407 тг/л
Қырыққабат – 141 тг/кг
Күріш – 411 тг/кг