Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионатындағы қазақ боксшылары жайлы пікір қалдырды

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың әлем чемпионатында жоғары деңгейін көрсеткенін ерекше атап өтті.

 1

«Бокстан әлем чемпионатындағы финалдық жекпе-жектерді қызығушылықпен тамашаладым. Спортшыларымыздың бойындағы ерік-жігері мен еліне деген патриоттық рухы бокста жоғары деңгей көрсетуге сеп болды. Санжар Ташкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын», - деп жазды ҚР Президенті.