Малайзияда Димаш Құдайбергеннің "Stranger" атты жеке концерті өтеді

  Белгілі қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің "Stranger" шоуы әлем бойынша саяхатын жалғастыруда. 24 маусымда Куала-Лумпурда  әншінің  жеке концерті өтеді.

  Шоу әйгілі Axiata Arena Bukit jalil стадионында сағат 20:30-да өтеді.

  Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің "Stranger" атты үлкен шоу концерті  6 мамырда Түркияда өтті. Сондай-ақ,  жеке концерті Antalya Expo Kongre Merkezi-де өткен болатын.  Шоуға әлемнің 44 елінен көрермен келді. Түркиядан келген жанкүйерлер әншіге түріктің  ұлттық музыкалық аспабы - багламаны сыйға тартты.

3