Тоқаев Қытайда өтетін саммитке келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев «Орталық Азия - Қытай» саммитіне қатысу үшін халықаралық конференциялар орталығына келді.
Президентті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин қарсы алды.
Мемлекет басшыларының ресми кездесу рәсімі – «Орталық Азия - Қытай» саммитіне қатысушылар Таң әулетінің Лотос саябағында ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті мамырдың 17-нен бастап ҚХР-да мемлекеттік сапармен жүр. Тоқаев ҚХР төрағасымен келіссөздер жүргізіп, ірі қытай компанияларының басшыларымен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Сиань қаласының құрақ портында Қазақстанның логистикалық орталығының құрылысын іске қосу рәсіміне қатысты.