Мамырдың 19-ына ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері мамырдың 19-ына ауа райы болжамын ұсынды. Олардың айтуынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, кей өңірлерде бұршақ жауып, жел соғатынын болжады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найғазай ойнайды. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады.
Астанада шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматыда найғазай ойнап, бұршақ жауады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды.
Ақтөбе облысының кей өңірлерінде найғазай ойнайды.
Түркістан облысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың кей өңірлері мен таулы және тау бөктерлі аудандарында найғазай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ жауады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында 2 градус үсік болады.
Павлодар облысында жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік болады.