Ақылды шахмат пайда болды
Израилдік стартап шахмат ойнауды енді бастаған немесе үйренгісі келетіндер үшін GoChess жобасын ұсынып отыр. Бұл гаджет-ойынды смартфон мен өзге де құрылғыларға жалғауға немесе қосуға болады. GoChess-тің бірінші ерекшелігі - интерактивті жарқыраған тақта.
Ойыншы жүріс жасаған сайын тақтадағы ұяшықтар жанып, жарық шашады - оған қалаған фигураны қоюға болады. Тақта, мысалы, ұяшықтарды қызыл түске бояу арқылы ұсына алады. Белгілері келесідей: қызыл - сіздің фигураңыздың «желінетінін» ескертеді, күлгін – қатерлі жүріс, ақ – ұтымды жүріс, жасыл - ең жақсы жүріс. Қажет болса, жарықты өшіруге болады. GoChess-тің екінші артықшылығы - достарыңызбен қашықтан ойнау мүмкіндігі. Ол үшін тақтаны смартфонға Bluetooth арқылы қосып, оны Lichness немесе Chess.com тіркелгісімен синхрондау керек. Қарсылас партияға қосыла алады: сіз нақты фигуралармен, қарсылас экранда цифрлық фигуралармен ойнайды. Бұл жағдайда қарсыластың фигуралары шын мәнінде сіздің тақтаңызда қозғалады. Ол үшін тақтаның астында магниттердің тұтас жүйесі қарастырылған. Видеосы (төменде келтірілген) сізге GoChess-тің барлық артықшылықтарымен танысуға көмектеседі:
Гаджеттің басқа мүмкіндіктерінің арасында мыналарды бөле-жара атап өткен жөн:
Дауысты пәрменді (команда) қолдану - сіз фигураларды ұстай алмайсыз, есесіне дауыспен бұйрық беріп жүріс жасай аласыз. Сонымен фигуралар тақтада өздігінен қозғалады;
Боттармен ойындарға қолдау көрсету - 32 қиындық деңгейі қарастырылған;
Автоматты таймер - тақтаның өзі қозғалыс жасалған уақытты санайды;
«Тікелей» оқыту – жеке GoChess қосымшасы тақтада тікелей көрсетілім арқылы шахмат курстарын бастауға мүмкіндік береді.
Құрылғы әр ойынның тарихын қадағалап, есте сақтайды және ұпайлар кестесін жүргізеді. Әр ойыннан кейін алгоритмдер өз дағдыларын жетілдіру жолдарын ұсынады.
GoChess - Kickstarter жобасы. Сатып алушылар қазіодің өзінде алдын ала тапсырыс бере алады. Бағасы - 259 доллар. 2024 жылдың мамыр айында АҚШ пен Еуропада саудаға шығарылады.