Әлихан Смайылов пен оның орынбасарлары жаңа лауазымға ұсынылды
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен оның орынбасарлары ресми түрде жаңа лауазымға ұсынылды.
2019 жылдың 28 наурызында қабылданған №146 қаулыға өзгеріс енгізілмек. «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының директорлар кеңесінің құрамы жайлы» деп аталатын бұл құжаттың 1 бөліміне өзгертулер енгізілмек.
«Заңдық негізде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігіне Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd компаниясының директорлар кеңесіне» тағайындау ұсынылсын:
Смайылов Әлихан Асханұлы – Премьер-министр, төраға;
Скляр Роман Васильевич – Премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Тілеуберді Мұхтар Бескенұлы – Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі.