Үкімет Көкшетау қазандықтарын жөндеуге шамамен 2 млрд теңге бөледі
Өңірлік ЖЭО және басқа да жылу көздерін алдағы қысқа дайындау шеңберінде ҚР Үкіметі Көкшетау қаласының қазандықтарына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өз резервінен 1,9 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
Қала тұрғындары екі қазандықтың – РК-1 (1977 ж.) және РК-2 (1998 ж.) жұмысы есебінен жылумен қамтамасыз етіледі. Біріншісінде жалпы қуаты 294 Гкал/сағ болатын 3 газ – май қазандығы, екіншісінде қуаты 280 Гкал/сағ болатын 3 көміртозаңды қазандығы орнатылған. Осы жылу көздеріндегі жабдықтардың тозуы бүгінгі күні жоғары.
Қыс мезгіліне дайындықта түтін құбырларына, тікелей қазандық агрегаттарына, газ құбырларына, ауа жылытқыштарына және т.б. әсер ететін жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, нәтижесінде 2023-2024 жылдардағы және одан кейінгі жылыту маусымының үздіксіз өтуі қамтамасыз етілуі керек.
Айта кетсек, бүгінде жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы және жалпы жергілікті экономиканың дамуында Көкшетаудың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін толыққанды жылу электр орталығының құрылысы пысықталуда.