Қазақстан мен Сингапур қызметтердің еркін саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қойды
Астанада Сингапур Президенті Халима Якобтың мемлекеттік сапары аясында қызметтер мен инвестициялардың еркін саудасы туралы келісімге қол қойылды.
Келісім қызметтер кіші секторларының 92 түрі бойынша өзара преференциялық қолжетімділікті белгілеуді, инвестицияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды көздейді, сондай-ақ халықаралық практикаға сәйкес инвесторларды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Бүгінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты сауда белсенді дамып келеді, ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы $1,9 млрд құрады. Былтыр қызметтер айналымы $10,4 млн құрады, ал 2017-2021 жылдары Сингапурдан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $61,4 млн-нан $67,2 млн-ға дейін 9,3% -ке өсті.
Келісімге қол қою екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге, серіктес нарығына отандық қызметтер экспортын ұлғайтуға, қызметтер саласында неғұрлым қолайлы жағдайлар жасауға және отандық жеткізушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және инвестициялар ағынын арттыруға мүмкіндік береді.