Соңғы қоңырау 1 маусымда өтеді
Биыл оқу жылын 3,7 млн-нан астам қазақстандық мектеп оқушысы аяқтайды. Бұл көрсеткішті ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Оның мәліметінше, 11-сыныпты 172 мың түлек, оның ішінде «Алтын белгіге» 6,8 мың үміткер бітіріп жатыр.
«Оқу жылы аяқталғаннан кейін салтанатты іс-шараны 1 маусымда Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарлануда. Аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру 20-22 маусым аралығында өтеді», - деді министр Үкімет отырысы кезінде.
Министр оқу жылының 31 мамырда аяқталатынын еске салды. Қорытынды емтихандар 2-13 маусым аралығында 4 пән бойынша 9 сыныпта, ал 11 сынып түлектері үшін 5-19 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді.