Астанада бәйге бойынша турнир өтеді

Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бәйгеден Қазақстан Республикасының турнирі өтеді.

005 115

Жарыс «құнан», «жорға», «топ»  және «аламан» сияқты түрлерден өтеді. Еліміздің барлық облыстары мен қалаларынан шабандоздар қатысады.

Жарыстың жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды.

Турнир 4 маусымда сағат 12:00-де «Қазанат» ипподромында басталады

Байқаудың ұйымдастырушылары-Астана әкімдігі және қаланың ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлерінің федерациясы.