Абай облысындағы табиғи өрт аймағында төтенше жағдай жарияланды
ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен Үкімет үйінің отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі талқыланды. Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев, Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі, генерал-майор Ибрагим Күлшімбаев және экология вице-министрі Галидулла Азидуллин баяндама жасады.
Тонау фактілерін болдырмау үшін эвакуациялау орнында 20 адамнан тұратын полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Өртті сөндіру жалғасуда. Бородулиха ауылында 331 орынға 3 эвакуациялық пункт дайындалды.
Бүгінде аудандағы өртті сөндіруге ТЖМ, ІІМ, ЭТРМ, ҚМ, ҚТЖ, жергілікті атқарушы органдары мен облыстық коммуналдық қызметтерінің күштері жіберілді. Сондай-ақ, 8 тікұшақ, оның үшеуі ҚМ, екеуі ЭТРМ-ге тиесілі. Ал министрліктен 75 техника мен 252 адам жұмылдырылды.