2,8 млн бала жазғы демалысқа шығып, сауықтыру шараларымен қамтылмақ
Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отырыста 2022-2023 жылы оқу жылының аяқталуы мен жазғы демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақыты мен еңбекпен қамтылуы жайлы мәселе қарастырылды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың сөзінше, биыл оқу жылын 3,7 млн астам оқушы аяқтайды. 11 сыныпты 172 мың түлек бітірсе, оның 6,8 мың түлегі «Алтын белгі» үміткерлері. Қорытынды емтихандар 9 сынып үшін 2-13 маусым аралығында өтсе, 11-сынып түлектеріне 5-19 маусым аралығында болады.
Жазғы демалыспен және сауықтыру шараларымен мектеп оқушыларының 85%-тен астамы, яғни 2,8 млн бала қамтылады деп жоспарлануда. Олардың санында әлеуметтік осал санаттағы 500 мыңға жуық балалар да бар.
Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, жазғы демалыста оқушылар үшін мәдениет саласы бойынша 500-ден астам, спорт және туризм саласы спорт және туризм саласы бойынша 300-ден астам іс-шара ұйымдастырылмақ. Бұл мұражайлар мен киелі орындарға тегін экскурсиялар, спекталь көру, түрл фестивальдар мен байқаулар ұйымдастыру.
Сондай-ақ, Kids Go Free отбасылық туризм бағдарламасы арқылы балалардың ұшақ билеттерінің құны субсидияланады. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша бұл қызметті 1,5 мың бала пайдаланды, бұл дегеніміз 700-ге жуық отбасы 70 млн теңге үнемдеді. Биыл екі мыңнан астам бала осы бағдарламамен қамтылады деп күтілуде.