Табиғи өртпен күресу үшін қанша қаражат бөлінеді?
Елімізде ірі орман өрттерінің өршуі жылда өзекті проблемаға айналуда. Тілсіз жаудың болжап білуге болмайтын табиғи сипаты мен былтырғы зардаптарын ескере отырып, Үкімет өрттің алдын алу шараларын күшейтпек.
Жаңа қаулыға сәйкес Үкімет резервінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жұмысына тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысын сатып алмақ, оған 623 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді. Олар қала маңындағы аумақтар мен еліміздің шалғай аудандарында да қолданылады. 10-15 секундта 5 тонна су жинап, оны 6 секунд ішінде төге алатын қосымша құрылғылардың көмегімен авиация орман алқабының үлкен аумақтарындағы өрттерді тез арада сөндіреді. Сондай-ақ, ТЖМ міндеттерін орындауға бейімделген Ми-8 тікұшақтарымен толықтырылады.