Қазгидромет мамырдың 30-на арналған ауа райы болжамын ұсынды
Астанада күн бұлты, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +29-31 градус ыстық, ал түнде +13-15 градус жылы. Солтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с.
Алматыда да күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +25+27 градусты, түнде 10+12 градусты көрсетеді.
Шымкентте көшпелі бұлт болғанымен, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы 31-33 градус нөлден жоғары, ал түнде +16-18 градус.
Талдықорғанда күн бұлтты. Сынап бағанасы күндіз +33+35 градусты көрсетеді, ал түнде +17+19 градус. Шығыстан жел соғады, жел екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы күндіз +32+37 градусқа дейін ысиды, түнде 18-23 градус нөлден жоғары.
Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +29+34 градус ыстық, ал түнде +13+18 градус. Солтүстік-батыстан жел соғады, жел екпіні 9-14 м/с.
Павлодарда күн бұлтты. Ауа температурасы күндіз +24+26 градус, түнде +11+13 градус.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +34+36 градусты, ал түнде +17+19 градусты көрсетеді.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +2+4 градус.