Петропавл қаласының мұғалімі Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша әзірледі

Қосымшада тарих пәні бойынша білімді бекітетін әртүрлі интерактивті ойын түріндегі тапсырмалар қамтылған. Бұл жерде 130 тақырып бойынша 4726 сұрақ бар.

«Менің оқушыларымның біріне тарих пәнін оқу қиынға соғатын. Бірақ информатика пәнін тез әрі жеңіл меңгеретінін байқадым. Содан кейін мен екі пәнді біріктіріп бір қосымша дайындап шығардым. Осылайша оқушылар күрделі тақырыптарды оңай есте сақтап, өздерін тексере алады. Бұл идея мыңдаған оқушылар мен мұғалімдердің көңілінен шықты",-деп бөлісті педагог-шебер.

2

Облыс бойынша педагог "Қазақстан тарихы бойынша 4000 жауап", "Қазақстан тарихы бойынша қысқаша курс", "Қазақстан тарихы бойынша мектеп курсы" ҰБТ-ға дайындық бойынша әдістемелік құралдардың авторы, қашықтан оқыту сабақтары мен "тарихшы Никулин" жеке сайтының және "тарихшы Закрома" интернет-ресурсының әзірлеушісі ретінде танымал. Педагог Өрлеуде біліктілігін арттырып мектеп мұғалімдеріне сабақ беру тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағаттар ұйымдасытрады.