1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
1 маусымда Қазақстан Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Мереке адамдар назарын балаларға қатысты мәселелерге аударады, - деп хабарлайды QLIFE.KZ тілшісі.
Бұл күнді мереке ретінде атап өту 1925 жылы Женевада балалар мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданға. Бір ғасырға жуық тарихы бар мерекені Қазақстан да жыл сайын атап өтеді.
Жалпы Қазақстан балалардың құқығын қорғауға қатысты халықаралық құжаттардың барлығын дерлік ратификациялаған.
Балалардың құқығымен байланысты мәселелерді елімізде Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті реттейді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бар. Бұл қызметті қазір Аружан Саин атқарып отыр.