Қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
Қазақстан азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Корея мен Қазақстанның Сыртқы саяси ведомство басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша елордада өткен баспасөз мәслихатында СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан үкіметі Корея үкіметімен бірлесіп, осы елдің балық және ауылшаруашылық салаларында қазақстандықтар үшін маусымдық жұмыс істеу мүмкіндіктерін қарастыруда. Одан басқасының бәрі – Оңтүстік Корея мен Қазақстан заңдарын бұзу болып табылады", – деді СІМ өкілі Айбек Смадияров.