ҰБТ-2023: Апелляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
Тапсырмалардың мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі.
Ұлттық бірыңғай тестілеуде апелляцияға өтініш тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептері бойынша беріледі. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі хабарлады.
Апелляция нәтижелері 30 жұмыс күн ішінде қарастырылады.
"Талапкер тапсырмалардың мазмұны туралы апелляцияға өтінішті тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Ал техникалық себептер бойынша өтінішті тестілеу кезінде береді. Апелляция нәтижелері 30 жұмыс күн ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі" – делінген хабарламада.