Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Анкараға барады

3 маусымда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады.

Бұл күні Қазақстан көшбасшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлықтау рәсіміне қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, Түркияда 28 мамыр ел тарихында тұңғыш рет президент сайлауында дауыс берудің екінші туры өтті. Түркияның Орталық сайлау комиссиясында ел Президенті сайлауының соңғы қорытындылары жарияланды. ОСК мәліметінше, Режеп Тайып Ердоған 52,18% дауыс жинаған.

Түркия парламенті 63,49% жаңартылды.

2